moodle

logo 2019 2
КАСПИЙСКИЙ ИНСТИТУТ МОРСКОГО И РЕЧНОГО ТРАНСПОРТА
имени генерал-адмирала Ф.М. Апраксина -
филиал Федерального государственного бюджетного образовательного учреждения высшего образования
"Волжский государственный университет водного транспорта"
Храм

Каспий университетінде шетел азаматтарын оқыту

ОҚУ

Теңіз және өзен көлігі Каспий институтының оқу жылы  1 қыркүйектен 30 маусымға дейін болады.

Жоғары және орта кәсіби білім беретін барлық факультеттерде күндізгі және сырттай оқу жүйесі бар.

Оқу мерзімі:

Жоғары білім факультеті:

- BSc/BA (бакалавр, «Көліктік үдерістер технологиясы» бағытын даярлау) – күндізгі оқу нысанында 4 оқу жылы, сырттай оқу – 4 жыл 2 ай;

         - маман (мамандықтар: «Кемежүргізу»; «Кеме энергетикалық қондырғыларды пайдалану»; «Кеме электрожабдықтарын және автоматика пайдалану»)–күндізгі оқу нысанында 5 жыл, сырттай оқу – 5,2 жыл.

         Орта кәсіби білім беру факльтеті;

- техник (мамандықтар: «Кемежүргізу»; «Кеме энергетикалық қондырғыларды пайдалану»; «Кеме электрожабдықтарын және автоматика пайдалану», «Кемежасау»)–күндізгі оқу нысанында (9 сынып негізінде) 3 жыл 10 ай, сырттай оқу (11 сынып негізінде) – 3 жыл 10 ай.

         Оқу орыс тілінде жүргізіледі, сол үшін үміткер алдын ала тілдік дайындықтан өткені дұрыс. Орыс тілін үйрену үшін қажетті көмекті Каспий институтының лингвистикалық орталығынан алуға болады.

 

Оқуға түсу

 

Теңіз және өзен көлігі Каспий институтына оқуға түсу «2016 жылғы Волжск су көлігі мемлекеттік универистеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің қабылдау ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жөнінде толық ақпараттармен Волжск университетінің сайтынан, сондай-ақ біздің сайтымыздағы Қабылдау комиссиясы бөлімінен таныса аласыздар. 

 

Сіз қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

- Волжск мемлекеттік университетіне оқуға қабылдау туралы үміткердің белгіленген үлгідегі анықтама-өтініші;

- жоғары білім алудың тиісті деңгейіне оқуға түсуге қажетті  бакалавриат, специалитет: толық орта білімі туралы куәлігі, оқытылған пәндер мен оның бағалары, біліктілігі (дәрежесі) көрсетілген Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттарына баламалы білімі туралы құжаттар (білімі туралы құжаттар диплом берген елде заңдастыру (легализация) тәртібі жүргізілуі тиіс. Заңдастыру тәртібі туралы құжат берген елдегі Ресей Федерациясының Елшілігінен немесе ФГНБУ «Главэкспертцентр» сайтынан білуге болады).

- Білімі және оқыған пәндері бойынша бағалары туралы нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасы;

- белгіленген үлгідегі шетелде оқыған баламалы білімі туралы куәлік;

- Ресей Федерациясында тұруға және тиісті бағытта оқуы (специалитет)үшін медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екенін растайтын белгіленген үлгідегі (086у) медициналық анықтама;

- Ресей Федерациясының аумағында қолданысқа ие ВИЧ-инфекциясы жоқтығын растайтын анықтама (сертификат);

- паспорт және миграциялық карта;

- алты 3х4 фото сурет (матовая);

 

Білімі туралы құжаттардың орыс тіліндегі аудармасы Ресей Федерациясындағы нотариуспен немесе ,аталған құжатты берген елдегі Ресей Федерациясының консулдығы немесе Елшілігімен куәландырылуы қажет.  Білімі және ғылыми атақтары белгіленген тәртіп бойынша тану және баламалығын белгілеу процедурасынан өткізілуі тиіс (толық ақпараттар -  www.nic.gov.ru).

ВИЧ-ке арналған тесттен өтіп, су көлігі қызметкерлері үшін мамандандырылған клиникадан медициналық куәлік алу қажет (Астрахань қаласы, Заводская алаңы, 17)

Институт басқа да қосымша мәліметтер талап етуге құқылы.

 

Оқуға арналған шартты бекіту

 

Теңіз және өзен көлігі Каспий институтында оқуға арналған шартоқуға түсу сынақтарынан лайықты деңгейде өткен соң ресімделіп, білім алушылар қатарына алынады.

 

Сіздің шығындарыңыз мынадай болады:

 

- орыс тілін үйретуге және салалық пәнді оқытуға арналған дайындық курстары (қажет болған жағдайда);

- таңдаған бағыт (мамандық)бойынша оқыту құны;

- студенттік жатақханада тұру құны;

- медициналық анықтама мен ВИЧ (AIDS) арналған тесттің құны;

- медициналық сақтандыру немесе медициналық қызмет көрсету туралы шарт.

 

Сондай-ақ, қосымша төмендегі шығындар бар:

- білімі туралы құжаттарды сараптау;

- білімі туралы құжаттардың аудармасы (олардың бағасы туралы мәліметтерді Главэкспертцентрден білулеріңізге болады)

 

Теңіз және өзен көлігі Каспий институтындакітапханасындағы оқулықтарды пайдалану тегін көрсетіледі.